«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығы (2023.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығы
(2023.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 305 бұйрығын қараңыз
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті (А. С. Соспанова):
1) осы бұйрықты облыс әкімдіктерінің, жүйелік оператордың және энергия беруші ұйымдардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Қ. Бозымбаев |
ҚР Энергетика министрінің 2020.10.02. № 47 бұйрығымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2020.07.04. № 127 бұйрығымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2021.14.04. № 134 бұйрығымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2022.08.06. № 204 бұйрығымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2023.20.10. № 375 бұйрығымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру
жоспары
№ | Облыс, аудан | Белгіленген қуаты, МВт | ЖЭК пайдалану обьектісінің түрі |
І-бөлім. Солтүстік аймақ | |||
1-тарау. Ақмола облысы | |||
1. | Ақмола облысы, Аршалы ауданы | 306 | Жел электр станциясы |
2. | Ақмола облысы, Ерейментау ауданы | 94,44 | Жел электр станциясы |
3. | Ақмола облысы, Целиноград ауданы | 0,75 | Жел электр станциясы |
Демо – версия документа