(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖАЛПЫҒА О...
Осы редакция 2019 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.12.01. № 23 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 529 бұйрығына
1-қосымша
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына
бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға құжат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.12.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш жасаған кезде - 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Редакция документа
Демо – версия документа