Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығы (күші жойылды)

Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің автомобиль жолдары саласындағы кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12099 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қазанда жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларында:

4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты алуға өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Ұлттық оператор өтініш беруші ұсынған құжаттардың, оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты беруден бас тартады.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку