(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Осы редакция 2022 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туреалы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«29) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
30) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады;»;
2) «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа