(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.04.05 № 437 ҚАУЛЫСЫ
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 Қаулысы
(2015.03.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2015.03.04. № 192 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 118-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 988 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 506-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2015.03.04. № 192 Қаулысымен мөлшері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 437 қаулысымен
бекітілген
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу
мөлшерлері
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің санатына байланысты төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:
Редакция документа
Демо – версия документа