(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰЖАТТАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚА...
Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығы
(2020.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.29.04. № 11-1-4/141 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысының 62-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құжаттарды заңдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Редакция документа
Демо – версия документа