Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ШТАТ САНЫНЫҢ ЛИМИТТЕ...

Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 Қаулысы
(2017.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

1) 1-қосымшаға сәйкес жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi саны;

2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.

3. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi:

1) осы қаулыға 3-қосымшада белгiленген жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының нормативтерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку