Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ...

ҚР Үкіметінің 2021.13.10. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.02.02. № 43 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2023 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

қағидалары

(2022.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттамалар, есептемелер, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру мен ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің меншікті қаражатымен (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қоса қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру мерзімдерін қамтитын жоспары;

2) веб-портал – интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

3) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде жасалатын, талаптары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы грант берілетін үшжақты келісім;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку