Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2021.13.10. № 736 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

 

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

қағидалары

(2021.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі - Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің шарттары мен тетігін айқындайды.

2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.

5. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттар беру мақсатында уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку