(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚҰЖАТТАР КӨШІРМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ...
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 мамырдағы № 578 қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |
Үкіметінің 2002 ж. 28 мамырдағы
№ 578 қаулысымен бекітілген
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік
сақтандыру қоры туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын (бұдан әрі - Қор) құру, толықтыру, сақтауды ұйымдастыру және есебін жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
3. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және олар жоғалған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығын білдіреді.
4. Қор айрықша кезеңде немесе бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құжаттардың түпнұсқалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда ақпаратты сақтау және пайдалану үшін құрылады.
5. Қор мемлекет меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттамаларды басқаруға уәкілетті мемлекеттік органының қарауында болады.
Редакция документа
Демо – версия документа