(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БОРЫШКЕРДІҢ (БАНКРОТТЫҢ) МҮЛКІН (АКТИВТЕРІН) САТУ Б...
Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы
(2019.09.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін.
2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д.Е.) заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 178 бұйрығымен
бекітілген
Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу
қағидалары
1. Осы Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) электрондық аукцион нысанында сату тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа