«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 Қаулысы (2020.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 Қаулысы
(2020.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 Қаулысымен 2024 ж. 2 наурыздан бастап күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 554 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі - қор) республикалық бюджеттен:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге;
2) қордың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі - МӘМС) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындарды өтеуге;
3) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ге мемлекеттің жарналарын төлеуге трансферттерді аудару тәртібін айқындайды.
2. Трансферттер сомасының көлемі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде айқындалады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа