Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.27.12 № 1305 ҚАУЛЫСЫ

«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1305 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Павлодар облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының босалқы жер санатынан жалпы алаңы 17764,8 гектар жер учаскелері алынсын және осы қаулыға қосымшаға сәйкес олар тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері босалқы жер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку