«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 507 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 507 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
«орталық аппараттың функциялары:»:
мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:
«129-1) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;»;
139) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«139) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;»;
140) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 143-1), 143-2), 143-3), 143-4); 143-5) және 143-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«143-1) асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулығының жай-күйі туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту;
1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Документ утратил силу
Демо – версия документа