(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗЕРДЕ» ҰЛТТЫҚ ИНФОКОММУНИКАЦИЯ ХОЛДИНГІ» АКЦИОНЕРЛІ...
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 Қаулысы
(2022.03.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 181-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы таратылсын.
ҚР Үкіметінің 2022.03.11. № 865 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
2-тармақтың 1) тармақшасы сондай-ақ тарату комиссиясы акционерлік қоғамдардың акцияларын бергеннен кейін қолданысқа енгізілді
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» және «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - акционерлік қоғамдар) акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
4. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының 2021 - 2030 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 881 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2022.03.11. № 865 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа