(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИН. М.А. 2015.14.12 № 719 Ж/Е ҚР Ұ...
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11822 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Редакция документа
Демо – версия документа