«Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 273 Қаулысы
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 273 Қаулысы
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттар белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 25 сәуірдегі
№ 273 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен
сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын
өлшемшарттар
1. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттар:
1) бірінші басшының және басшылық лауазымдарды атқаратын тұлғалардың алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымына ірі қатысушы (ірі акционер) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
2) тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына арналған қолданыстағы лицензияның болуы;
3) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің болмауы;
4) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабында белгіленген мөлшерде тауар биржасының тұрақты резервтік қорының болуы;
Демо – версия документа