«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 422 бұйрығы
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 422 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
5. «Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады;
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа