(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019 – 2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2019 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 Қаулысын қараңыз
1-бап. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 9 631 121 733 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 6 661 306 420 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 117 751 450 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 6 884 960 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 845 178 903 мың теңге;
2) шығындар - 10 335 030 670 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 143 838 857 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 260 817 717 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 116 978 860 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 131 269 962 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 131 269 962 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -979 017 756 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 419 655 756 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 6,9 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 979 017 756 мың теңге.
2-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 42 550 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 414 430 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2019 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа