«Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрығына 4-қосымша) (2017.30.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 557 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.30.11. № 908 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.30.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.30.11. № 908 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
Документ утратил силу
Демо – версия документа