(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА...
Осы редакция 2017 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 557 бұйрығына
4-қосымша
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа