Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 384 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 20 қазан

 

№ 384

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2023 жылғы 20 қазандағы

№ 384 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:

8-тармақта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

мына жолдар:

«Бәшімов Марат Советұлы

-

заң ғылымдарының докторы, профессор, төраға (келісім бойынша)»,

«Лукин Андрей Иванович

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)»

тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

«Бәшімов Марат Советұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)»,

«Лукин Андрей Иванович

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку