«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 877 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 877 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 34-3) тармақшамен толықтырылсын:
«34-3) капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;»;
277) тармақша алып тасталсын;
ведомстволардың функцияларында:
136) тармақша алып тасталсын;
488) тармақша алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
148-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:
«148. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы қазынашылық басқармасы.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
Демо – версия документа