«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 437 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің тендігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;»;
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы комиссиялардың қызметін үйлестіруге, олардың қызметі туралы есептерді тындауға;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 22 қаңтар
№ 437
Қазақстан Республикасы Президентінің
2024 жылғы 22 қаңтардағы
№ 437 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 1 ақпандағы
№ 56 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Демо – версия документа