(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНДЕГ...
Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1343 бұйрығы
(2021.30.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
ҚР Әділет министрінің 2020.30.04. № 19 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1343 бұйрығымен
Редакция документа
Демо – версия документа