«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 Қаулысы (күші жойылды)
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 574 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 313-құжат);
2) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 522-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 232 қаулысымен
бекітілген
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған
шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану
қағидалары
Документ утратил силу
Демо – версия документа