Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 256 бұйрығы (күші жойылды)

«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 256 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетті тіркеу тізілімінде № 11143 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:

лицензия берген кезде - 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияны қайта ресімдеген кезде - 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияның телнұсқасын берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку