«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1155 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін
өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
«26. Цифрландыру басқармасы».
2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрақты жұмыс орындарына басымдық беріп, оларды құру, инвестициялар тарту, адами капиталды дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны енгізуге және өзгелері сияқты халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын және әлеуметтік хал-ахуалын арттыруға бағытталған және өзге де нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштерін, іс-шараларды қосу;».
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:
Демо – версия документа