Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОТАРИАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕНІ БЕКІТУ ТУР...

Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығы

(2019.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2019.29.03. № 150 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже бекiтілсін.

2. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7182 болып тіркелген).

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31 қантардағы

№ 32 бұйрығына

1- қосымша

 

 

Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі

ереже

 

ҚР Әділет министрінің 2019.29.03. № 150 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.

Ереже жеке практикамен айналысатын нотариустың (бұдан әрі - жекеше нотариустың);

мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мемлекеттік нотариусының (бұдан әрі - мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс өндірісін, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі электрондық тізілімді (бұдан әрі - БНАЖ электрондық тізілімі) жүргізу тәртібін белгілейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку