Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2012.31.01 № 29 БҰЙРЫҒЫ

Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығы

(2013.05.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған нотариустың үй-жайы талаптары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31 қаңтардағы

№ 29 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Нотариустың үй-жайына қойылатын

талаптар

 

1. Осы Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар жеке және заңды тұлғалардың кедергісіз қол жеткізуіне, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық іс өндірістерді сақтауға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

2. Нотариустың үй-жайы аумақтық әділет органдары аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп белгілеген аумақ шеңберінде орналасуы тиіс.

Нотариус үй-жайының оған белгілеген аумақтан тыс орналасуына жол берілмейді.

3. Нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асыратын бір ғана үй-жайы болады.

Бір үй-жайда бір немесе олар Заңның 15-бабы 4-тармағына талаптарын және осы Талаптарды сақтаған жағдайда бірнеше нотариустар жұмыс істей алады.

ҚР Әділет министрінің 2012.10.10. № 342 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку