(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕРРОРИЗМ АКТІСІНІҢ САЛДАРЫНАН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒ...
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 Қаулысы
(2017.01.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 877 қаулысымен
бекітілген
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу
қағидалары
1. Осы Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі - мүлік иелері) тиесілі жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын төлеу арқылы жүргізіледі.
3. Мүліктің құнын өтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған кезде мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, терроризм актісінің жасалуы мен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себепті байланыстың болуы негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2017.01.11. № 700 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа