«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 116 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 116 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясы қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 126 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Б. Имашев |
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 116 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары қызметінің
қағидасы
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы сот сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі - Комиссиялар) қызметінің бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Комиссиялардың құрамы мүшелерінің тақ санынан тұрады (кемінде 5 адамнан) және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары басшыларының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Демо – версия документа