«Республикалық референдумның құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 41/502 Қаулысы
Республикалық референдумның құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 41/502 Қаулысы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық референдумның құжаттарын сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Референдум комиссиялары республикалық референдум құжаттарын сақтау жөніндегі жұмыста осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Абдиров |
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 41/502 қаулысымен бекітілген
Республикалық референдумның құжаттарын сақтау
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық референдумның құжаттарын сақтау қағидалары «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық референдумның құжаттарын сақтау тәртібін айқындайды
2-тарау. Республикалық референдумның құжаттарын сақтау
2. Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясында (бұдан әрі - Орталық референдум комиссиясы) мынадай құжаттар сақталуға және кейiннен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсырылуға тиiс:
Орталық референдум комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары;
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың референдум комиссияларының референдум нәтижелері туралы хаттамалары;
Демо – версия документа