(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.31.03 № 252 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 252 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.
ҚР Үкіметінің 2010.19.07. № 733 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
Редакция документа
Демо – версия документа