«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығы (2025.01.06. берілген өзгерістермен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығы
(2025.01.06. берілген өзгерістермен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 10 және 168-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзіне мыналарды:
бюджет түсімдерінің сыныптамасын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылады және ресми жариялануға жатады.
Демо – версия документа