«Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығы
Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығы
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Умаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 134 бұйрықпен
бекітілген
Қоғамдық медиаторды сайлау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында қоғамдық медиаторды сайлау тәртібін айқындайды.
Демо – версия документа