Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОНЦЕССИОНЕРДІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫ (АУКЦИОНДЫ...

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.03.11. № 467 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 157 бұйрығына

2-қосымша

 

Осы редакция 2022 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу

 қағидалары

(2022.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу тәртібін айқындайды.

2. Концессионерді таңдау жөніндегі Конкурс (аукцион) (бұдан әрі – Конкурс (Аукцион) Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекіткен, Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) негізінде өткізіледі.

3. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылатын концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады.

Конкурсты (аукционды) тиісті ұйымдастырушы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Республикалық меншікке жататын және заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку