«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 Қаулысы (2023.30.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 Қаулысы
(2023.30.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 209 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2023.13.07. № 560 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар бойынша оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ-та анонстар (ақпараттық хабарламалар) міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа