«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығы
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 94-1) тармақшамен толықтырылсын:
«94-1) осы бұйрыққа 94-1-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласында жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:
«98-1) осы бұйрыққа 98-1-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласында жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыларды тіркеу журналының нысаны;»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 94-1) және 98-1) қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Демо – версия документа