(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР АКТІЛЕР...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2025 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 12 ақпан
№ 779
Президентінің
2025 жылғы 12 ақпандағы
№ 779 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары
10-2. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары»;
«15-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
15-2. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы»;
20 және 27-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
«30-1. Президенттің кеңесшілері»;
32-тармақ алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2, 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
«11-1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары
11-2. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары»;
«16-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
16-2. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы»;
Редакция документа
Демо – версия документа