Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 185 бұйрығы (күші жойылды)

 «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 185 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетті тіркеу тізілімінде № 11143 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

9-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) лицензия алу үшін:

мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку