«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. |
Р. Баймишев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің м.а.
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 286 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа