(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗА...
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы
(2016.22.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы және оның мақсаты
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы (бұдан әрі - Ұлттық ұлан) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.
2. Ұлттық ұлан өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға тыйым салынады.
3. Ұлттық ұланның туы және рәмізі болады. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, әскери бөлімдерінің және жоғары әскери оқу орнының белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.
Редакция документа
Демо – версия документа