(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРМАНДАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУ...
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығы
(2020.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 63-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 3 қараша
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 18-02/942 бұйрығымен
бекітілген
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандардағы өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа