«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 275 Қаулысы
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 275 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒБО» КеАҚ) ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «ҰАҒБО» КеАҚ-пен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) мыналарды:
серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар;
Демо – версия документа