Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 955 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Жарлықтан туындайтын шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 шілде

 

                  № 955

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2022 жылғы 5 шілдедегі

№ 955 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

 

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің

 ТІЗБЕСІ

 

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку