Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

(2022.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2012.27.08. № 371 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2020.20.12. № 473 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.25.05. № 903 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

ҚР Президентінің 2012.27.08. № 371 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2020.20.12. № 473 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.25.05. № 903 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 30, 260-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку