Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР Қ...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы

(2015.05.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ереже бекітілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 24-і.

 

№ 587

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 24 маусымдағы

№ 587 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатыстырылатын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жедел басқаратын тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылады.

2. Республикалық деңгейде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істейді.

3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде өз қызметі бойынша республикалық жедел штабқа бағынысты облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары жұмыс істейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку