(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 322 Қаулысы
(2015.10.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 322 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.10.09. № 765 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 676 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 676 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесінде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттарының ауылдық, кенттік кеңесінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары;»;
1) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
«СТН______________________,» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа