(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.26.08 № 855 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 Қаулысы
(2015.13.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 855 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Редакция документа
Демо – версия документа